№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Мемлекеттік қызмет көрсету | ![]() |
2022 жылғы 07 қарашада «Білім беру саласындағы мемлекеттік
қызметтер көрсету туралы» Қостанай облысы әкімдігінің білім
басқармасының «Қарасу ауданы білім бөлімінің Ключевой жалпы
білім беретін мектебі» КММ директорының тезистері
Білім беру ұйымы 7 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 2022 жылдың 11 айында 143 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
2022 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында білім беру ұйымдарында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 1 бақылау іс-шарасы өткізілді. Мониторинг нәтижелері бойынша мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.
Ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында жүргізілген түсіндіру жұмыстарының саны 6 .
Ағымдағы жылдың 11 айында халықты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс – шараларымен қамту-150 адам.
Көрсетілген кезеңде мемлекеттік қызметтер бойынша дәлелденбеген бас тартулар, бұзушылықтар анықталған жоқ, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке ешкім тартылған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдар саны-13 адам.
Ай сайын «Қарасу ауданының білім бөлімінің Ключевой жалпы білім беретін мектебі» КММ білім беру басқармасының халыққа білім беру саласының қызметтерін электрондық түрде алу мүмкіндіктері, оның ішінде құжаттарды ұсыну мерзімдері, әлеуметтік желілерде ақпаратты орналастыру арқылы Қағидаларда көзделген қажетті құжаттар тізбесі туралы кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.